Федералдық ғарыш орталығының ақпаратына сәйкес, ұшырылым табысты жүзеге асырылды.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Ресейдің Газпром компаниясының тапсырысы бойынша жасалған «Ямал-200» ғарыш кемесі шалғайдағы солтүстік аудандарда жұмыс істейтін газ кәсіпорындарын байланыспен қамтамасыз етуге арналған. Сондай-ақ, жаңа байланыс спутнигін ұшыруды Ресейдің күш құрылымдары да көптен күткен болатын. Спутник көмегімен контрабанданың және басқа да заңнан тыс әрекеттердің алдын алу үшін автокөлік және теңіз транспортының қозғалыс бағыттары қадағаланады.
Жыл соңына дейін Байқоңырдан әртүрлі мақсаттағы ғарыш кемелерін алып ұшатын «Протон » тасығышын тағы да төрт мәрте ұшыру көзделіп отыр.