Байқоңырдан "Протон-К" ғарыш кемесі ұшырылды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Байқоңырдан "Протон-К" ғарыш кемесі ұшырылды

Байқоңырдан "Протон-К" ғарыш кемесі ұшырылды

Бүгін, 24-қарашада Астана уақытымен 12 сағат 22 минутта Байқоңыр ғарыш айлағының 81-алаңынан "Протон-К" зымыран тасығышы өз бортына "Ямал-200" атты екі ғарыш аппаратын алып ұшты,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 24 Қараша 2003
  • 374
Фото - Caravan.kz

Федералдық ғарыш орталығының ақпаратына сәйкес, ұшырылым табысты жүзеге асырылды.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Ресейдің Газпром компаниясының тапсырысы бойынша жасалған «Ямал-200» ғарыш кемесі шалғайдағы солтүстік аудандарда жұмыс істейтін газ кәсіпорындарын байланыспен қамтамасыз етуге арналған. Сондай-ақ, жаңа байланыс спутнигін ұшыруды Ресейдің күш құрылымдары да көптен күткен болатын. Спутник көмегімен контрабанданың және басқа да заңнан тыс әрекеттердің алдын алу үшін автокөлік және теңіз транспортының қозғалыс бағыттары қадағаланады.
Жыл соңына дейін Байқоңырдан әртүрлі мақсаттағы ғарыш кемелерін алып ұшатын «Протон » тасығышын тағы да төрт мәрте ұшыру көзделіп отыр.

Соңғы жаңалықтар