Байқоңырдан "Протон-М" зымыран тасығышы АМС-12 телекоммуникациялық спутнигін алып ұшты - kaz.caravan.kz
  • $ 504.49
  • 587.73
+1 °C
Алматы
2025 Жыл
8 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Байқоңырдан "Протон-М" зымыран тасығышы АМС-12 телекоммуникациялық спутнигін алып ұшты

Байқоңырдан "Протон-М" зымыран тасығышы АМС-12 телекоммуникациялық спутнигін алып ұшты

Бүгін, 3-ақпанда Астана уақытымен 8 сағат 27 минутта Байқоңырдан "Протон-М" зымыран тасығышы АМС-12 телекоммуникациялық спутнигін алып ұшты. Бұл туралы KZ-today тілшісіне "Байқоңыр" Федералдық ғарыш орталығынан хабарлады.

  • 3 Ақпан 2005
  • 400
Фото - Caravan.kz

Зымыран №81 алаңнан ұшырылды. Федералдық ғарыш орталығынан хабарлағанындай, зымыран қалыпты жағдайда ұшты. Бүгін сағат 17-де зымыран тасығыштың соңғы сатысы бөлініп, жер серігі геостационарлық орбитаға көтеріледі.

АМС-12 ғарыштық аппаратын Alcatel Space компаниясы Spacebus 4000 атты соңғы буын тұғырнамасының негізінде жасап шығарған. Ол телевизиялық және телефон байланысы қызметін көрсетуге, кең көлемді тұтынушылар қауымына мәліметтер таратуға, корпоративтік желілер құру және басқа да телекоммуникациялық мақсаттарға арналған.
Жер серігі оңтүстік және солтүстік Америка, Кариб түбегі елдері, Еуропа және Азия аумағындағы тұтынушылара қызмет көрсетеді. АМС-12 аппаратын жасауға тапсырыс берген нақты иесі SES AMERICOM, Inc. компаниясы болып табылады.
Ауыр класқа жататын, төрт сатылы «Протон-М» ғарыштық зымыран тасығышының энергомассалық, пайдаланылу және экологиялық сипаттамалары біршама жақсартылған. Онда жаңа басқару жүйесі орнатылып, тиелетін пайдалы жүк көлемін арттыруға мүмкіндік беретін көлемді құрылғы қолданылған. 2005-жылы осындай үлгідегі 11 зымыран ұшырылады.

Перейти к новостям спорта