ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі Агенттігінің баспасөз қызметінен хабарлауынша, ғарыш кемесін ұшыру қалыпты жағдайда жүзеге асырылған.
Зымыран тасығышты ұшыруға байланысты қандай да бір қауіп-қатер мен залал-зардапты жою мақсатымен 17-маусым күнгі 3 сағат 27 минуттан 6 сағат 27 минутқа дейін Қарағанды, Қызылорда, Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі басқармасының апаттан құтқару күштері мен құралдары жоғары дайындық жағдайына келтірілді.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, бұл — биылғы жыл басынан бері ұшырылып отырған бесінші Протон-М.