Байқоңырдан ресейлік «Ямал-402» жерсерігі ұшырылды
Байқоңыр ғарыш айлағынан «Ямал-402» ресейлік телекоммуникациялық ғарыш аппаратын ұшыру есепті уақыттан төрт минутқа ерте орындалды. |
Бұл туралы РосБизнесКонсалтинг РФ Федералды ғарыш агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.
«Қазіргі уақытта ғарыш аппаратын бақылауға алып, оны тұрақтау нүктесіне жеткізу сызбасы нақтылануда», делінген хабарламада.
Айта кетейік, «Ямал-402» телекоммуникациялық жерсерігі ресейлік байланыс жерсерігі топтамасын толықтырып, Ресейдің, сонымен қатар Батыс және Орталық Еуропа, Таяу Шығыс пен Солтүстік Африка аумақтарында хабар таратуды қамтамасыз етуі тиіс болатын.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін