Байқоңырдан ресейлік «Ямал-402» жерсерігі ұшырылды - kaz.caravan.kz
  • $ 518.34
  • 607.18
+20 °C
Алматы
2025 Жыл
26 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Байқоңырдан ресейлік «Ямал-402» жерсерігі ұшырылды

Байқоңырдан ресейлік «Ямал-402» жерсерігі ұшырылды

Байқоңыр ғарыш айлағынан «Ямал-402» ресейлік телекоммуникациялық ғарыш аппаратын ұшыру есепті уақыттан төрт минутқа ерте орындалды.

  • 10 Желтоқсан 2012
  • 385
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы РосБизнесКонсалтинг РФ Федералды ғарыш агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.

«Қазіргі уақытта ғарыш аппаратын бақылауға алып, оны тұрақтау нүктесіне жеткізу сызбасы нақтылануда», делінген хабарламада.

Айта кетейік, «Ямал-402» телекоммуникациялық жерсерігі ресейлік байланыс жерсерігі топтамасын толықтырып, Ресейдің, сонымен қатар Батыс және Орталық Еуропа, Таяу Шығыс пен Солтүстік Африка аумақтарында хабар таратуды қамтамасыз етуі тиіс болатын.