Жарияланды: 650

Байқоңырдан РС-18 үлгілі баллистикалық зымыран ұшырылады

5-желтоқсан жұма күні Астана уақытымен сағат 12-де Байқоңыр ғарыш айлағынан Ресей қорғаныс министрлігінің мүддесіне сәйкес РС-18 "Стилет" үлгісіндегі құрлықаралық баллистикалық зымыран ұшыру көзделіп отыр.

Ғарыш айлағының баспасөз қызметінен хабарлағанындай, құрлықаралық баллистикалық зымыран 95-алаңдағы шахталық ұшыру қондырғысынан ұшырылады. Бұл жұмысты ғарыш айлағының сынақтар басқармасының қызметкерлері конверсиялық бағдарламаға сәйкес жүзеге асырады. Зымыран алдағы уақытта "Стилетті" конверсиялық коммерциялық бағдарламаларда пайдалану мақсатына қажетті ақпараттар жинау үшін арнайы датчиктермен жабдықталған спутник макетін жер орбитасына шығаруға тиіс. Ресей қорғаныс министрлігі орта және кіші классты құрлықаралық баллистикалық зымырандарды жеңіл телекоммуникациялық спутниктерді ғарыш кеңістігіне шығару үшін пайдалануға арналған екінші конверсиялық бағдарламаны жүзеге асырмақ ниетте. Бұған дейін министрлік "Днепр" - РС-20 құрлықаралық баллистикалық зымыранын ұшырған болатын.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін