Байқоңырдан "РС-18" зымыраны ұшырылды - kaz.caravan.kz
  • $ 504.76
  • 593.8
+7 °C
Алматы
2025 Жыл
30 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Байқоңырдан "РС-18" зымыраны  ұшырылды

Байқоңырдан "РС-18" зымыраны ұшырылды

АСТАНА. 10 - қараша. Kazakhstan Today. Байқоңыр ғарыш айлағынан "РС-18" зымыраны ұшырылды. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 10 Қараша 2006
  • 353
Фото - Caravan.kz

«Зымыран 9-қарашада Астана уақытымен 17 сағат 35 минутта қалыпты жағдайда ұшырылды»,- деп хабарлайды мекеме.

Зымыранды ұшыруға байланысты қандай да бір қауіп-қатер мен залал-зардапты жою мақсатымен 15 сағат 35 минуттан 18 сағат 35 минут аралығында Қарағанды, Қызылорда, Шығыс Қазақстан, Ақмола және Павлодар облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі басқармасының апаттан құтқару күштері мен құралдары жоғары дайындық жағдайына келтірілді.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта