Байқоңырдан шетелдік үш телекоммуникациялық спутник ұшырылады - kaz.caravan.kz
  • $ 513.55
  • 602.09
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
19 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Байқоңырдан шетелдік үш телекоммуникациялық спутник ұшырылады

Байқоңырдан шетелдік үш телекоммуникациялық спутник ұшырылады

РФ үкімет басшысы Михаил Фрадков "Байқоңыр" ғарыш айлағынан шетелдік үш телекоммуникациялық спутник ұшыруға рұқсат беретін бұйрыққа қол қойды. Бұл туралы РФ үкіметінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада айтылған,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 19 Сәуiр 2005
  • 359
Фото - Caravan.kz

Құжаттарға сәйкес, қорғаныс министрлігіне АҚШ, Канада және Малайзияның жер серіктерін ұшыруға рұқсат берілген. Әскерилер бұл ретте ғарыштық жүйелер мен әскери мақсаттағы кешендерді пайдаланатын болады. Ол үшін әскери бөлімшелердің құрамы қатысады. Ғарыш айлағына шетелдік мамандар жіберіледі. Мемлекет мүддесін қорғау міндеті РФ Әділет министрлігіне жүктелді.

АҚШ-тың «Galaxy-14» аппараты «Фрегат» үдеткіш блогы бар «Союз-ФГ» зымыран тасығышының көмегімен, ал Малазияның «MiaSat-3» және Канаданың «Anik F1R» аппараттары «Бриз-M» үдеткіш блогы бар «Протон-М» зымыран тасығышының көмегімен жүзеге асырылады.
Спутниктердің дәл қай күні ұшырылатыны туралы ақпарат жоқ.

Перейти к новостям спорта