Байқоңырдан «Союз» кемесі ұшырылды - kaz.caravan.kz
  • $ 488.37
  • 559.77
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Байқоңырдан «Союз» кемесі ұшырылды

Байқоңырдан «Союз» кемесі ұшырылды

Бүгін, Астана уақыты бойынша 02 сағат 25 минутта Байқоңырдан бортында ресей-америкалық экипаж бар «Союз ТМА-14М» кемесі ұшырылды.

  • 26 Қыркүйек 2014
  • 336
Фото - Caravan.kz

Халықаралық ғарыш станциясына «Союз ТМА-14М» көлік кемесінің командирі, ресейлік космонавт Александр Самокутяев, борт инженер-1, Роскосмос космонавты Елена Серова және америкалық астронавт, бортинженер-2 Барри Уилмор аттанды.

«Союз ТМА-14М» кемесі ұшырудан кейін 526 секунд өткен соң зымыран-тасығыштың үшінші сатысынан штаттық режимде ажырады және ғарыш кемесі жер айналасындағы орбитаға шықты.  

Ресейлік ұшуды басқару орталығының баспасөз қызметі таратқан мәлімет бойынша, космонавтар өздерін жақсы  сезінуде. «Союз ТМА-14М» кемесінің Халықаралық ғарыш стансасымен түйісуі ұшырылғаннан кейін алты сағаттан соң болады деп жоспарланған.

Жарты жылға созылатын вахтада 41-42-ші ұзақмерзімді ғарыш экспедициясының мүшелері ашық ғарышқа шығумен қатар, үлкен ғылыми бағдарламаны орындайды, ХҒС-да ресейлік және америкалық жүк кемелерін қабылдайды.