Байқоңырдан "Союз ТМА-13" пилотты ғарыш кемесі сәтті ұшырылды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Байқоңырдан "Союз ТМА-13" пилотты ғарыш кемесі сәтті ұшырылды

Байқоңырдан "Союз ТМА-13" пилотты ғарыш кемесі сәтті ұшырылды

Байқоңыр. 13 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Байқоңырдан "Союз ТМА-13" пилотты ғарыш кемесі сәтті ұшырылды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі ғарыш айлағындағы ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып.

  • 13 Қазан 2008
  • 510
Фото - Caravan.kz

Ғарышкерлер экипажының 18 экспедициясын «Союз ТМА-13» пилотты ғарыш кемесі ғарыш айлағының №1 ұшыру алаңынан Халықаралық ғарыш станциясына 2008 жылдың 12 қазанына Астана уақытымен 13.01-де алып ұшты.

«Союз ТМА-13» ғарыш кемесінің негізгі экипажы — Халықаралық ғарыш станциясының бортинженері, «Союз ТМА-13» командирі — Юрий Лончаков (Ресей Федерациясы), ХҒС командирі, «Союз ТМА-13» бортинженері — Эдвард Майкл Финк (АҚШ) пен ғарыштық ұшырылымның қатысушысы — Ричард Гэрриот (АҚШ)

Жер маңы орбитасына шықты.

«Союз ТМА-13» ғарыш кемесі Халықаралық ғарыш станциясымен 14 қазанда Мәскеу уақытымен 12 сағат 33 минутта түйіседі.

Юрий Лончаков пен Майкл Финк Халықаралық ғарыш станциясында жарты жыл жұмыс істейді, пл Ричард Гэрриот онда 10 күн болып, 24 қазанда «Союз ТМА-12» кемесімен станцияда жарты жыл жұмыс істеген Сергей Волковпен және Олег Кононенкомен бірге жерге оралады. «Союз ТМА-12» пилотты кораблі 24 қазанда Қазақстанның белгіленген жеріне Астана уақытымен сағат 09.36-да қонады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар