Байқоңырдан "Союз" зымыран тасығышы "Метоп" жер серігін алып ұшты - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Байқоңырдан  "Союз" зымыран тасығышы "Метоп" жер серігін алып ұшты

Байқоңырдан "Союз" зымыран тасығышы "Метоп" жер серігін алып ұшты

АСТАНА. 20-қазан. Kazakhstan Today. Байқоңырдан "Союз" зымыран тасығышы "Метоп" жер серігін алып ұшты. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 20 Қазан 2006
  • 616
Фото - Caravan.kz

Мекеме ақпаратына сәйкес, «Еуропаның метеорологиялық «Метоп» ғарыш аппаратын алып ұшуға тиіс «Союз-2.1а» зымыран тасығышының ұшырылымы 19-қазанда 22 сағат 28 минутта жүзеге асырылды.

Зымыранды ұшыру қалыпты жағдайда жүзеге асырылды. Аппаратты ұшыруға байланысты қандай да бір қауіп-қатер мен залал-зардапты жою мақсатымен Ақтөбе, Қарағанды, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі басқармасының апаттан құтқару күштері мен құралдары жоғары дайындық жағдайына келтірілді.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, «Союз- 2.1а» зымыран тасығышының ұшырылымы 17-қазаға Астана уақытымен 22 сағат 28 минутқа белгіленген болатын. «Алайда, зымыран-тасығышты ұшыруға екі минут қалғанда циклограмма істен шықты»,- деп хабарлады «Роскосмос». Мамандар бір тәулікте техникалық ақаудың себептерін анықтап, зымыранның үшінші сатысының блогында датчик істемей қалғанын біліп ақауды жойды. Зымыран тасығыш резервті уақыт — 18-қазанда ұшырылады деп күтілген.

«Союз- 2.1а» зымыран тасығышының бұған дейінгі ұшырылымдары да зымыранның бағдарламалық қамтамасыздығындағы ақауларға байланысты іске аспай қалған. Мамандар осы тектес ақаумен «Союзды» 2004-жылдың қараша айында Плесецк ғарыш айлағынан ұшыруға жасалған әрекет кезінде де тап келді. Сол кезде ұшырылым үш мәрте кейінге шегеріліп, артынан зымырандағы аақаулар жойылып, жаңа «Союз» Плесецк ғарыш айлағынан табысты ұшырылды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті