Байқоңырдан "Ураган" атты спутник ұшырылады - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Байқоңырдан "Ураган" атты спутник ұшырылады

Байқоңырдан "Ураган" атты спутник ұшырылады

10-желтоқсан, сәрсенбіде Астана уақыты бойынша 23 сағат 42 минутта Байқоңыр ғарыш айлағынан "Протон" зымыран тасығышы "Ураган" атты ғарыштық аппаратты алып ұшады. Бұл ұшырылым Ресей қорғаныс министрлігінің мүддесіне сәйкес жүзеге асырылады.

  • 9 Желтоқсан 2003
  • 407
Фото - Caravan.kz

Ғарыш айлағы баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, «Протон» зымыран тасығышы 81-алаңдағы №23 ұшыру қондырғысынан ұшырылады. Бұл жұмысты ғарыш айлағының сынақтар басқармасының қызметкерлері жүзеге асырады. «Протон» ауыр зымыран тасығышы «Бриз» деп аталатын қарқындандырғыш блоктың көмегімен Ресейдің «ГЛОНАСС» навигациялық жүйесіне арналған қос мақсатты спутникті жоғары геостанциялық орбитаға шығаруы тиіс.

Бұл шараға Ресейдің ғарыштық әскерлерінің қолбасшысы Анатолий Перминов өзімен бірге Ресейлік ауқымды журналистер тобын ала келеді деп күтілуде. Ғарыш айлағы баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Ресейлік әскерилердің Байқоңырдан кету мүмкіндігі туралы Ресей БАҚ-тарында жарық көрген хабарламалар нақты негіздемеге сүйенбей жазылған. Ресейлік БАҚ өкілдерін шақыру себебі де осындай ахуалға байланысты болмақ.

Соңғы жаңалықтар