Зымыран тасығыш Астана уақытымен 9 сағат 33 минутта ұшырылды.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Venus Express ғарыш аппараты Венераға жіберілетін ғарыштық зонд болып табылады. Венера ғаламшарын зерттеу жөніндегі бұл жоба туралы ұсыныс 2001-жылы жасалған. Ол Еуропалық ғарыш агенттігінің ғылыми бағдарламасына 2002-жылы енгізілді.
Аппараттың өзі 2003-жылы Марсқа жіберілген Mars Express зондының үлгісі бойынша жобаланған. Venus Express жобасы Венераның атмосферасын зерттеу мақсатын көздейді.
>Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті