Байқоңырдан желтоқсанда ұшырылады деп межеленген төрт ұшырылымның екеуі кейінге қалдырылды - kaz.caravan.kz
  • $ 505.53
  • 593.44
+1 °C
Алматы
2025 Жыл
31 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Байқоңырдан желтоқсанда ұшырылады деп межеленген төрт ұшырылымның екеуі кейінге қалдырылды

Байқоңырдан желтоқсанда ұшырылады деп межеленген төрт ұшырылымның екеуі кейінге қалдырылды

БАЙҚОҢЫР. 11-желтоқсан. Kazakhstan Today. Байқоңырдан желтоқсанда ұшырылады деп межеленген төрт ұшырылымның екеуі кейінге қалдырылды. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне Федералдық ғарыш орталығының баспасөз қызметі хабарлады.

  • 11 Желтоқсан 2006
  • 377
Фото - Caravan.kz

Мәселен, Федералдық ғарыш орталығының ақпаратына сәйкес, Ресейдің «Космос» тобындағы ғарыштық аппараттарын алып ұшады делінген «Зенит-2М» зымыран тасығышын ұшыру бұған дейін 2006-жылдың 16-желтоқсанына межеленсе, енді бұл мерзім 2007-жылдың 17-қаңтарына дейін шегерілді.

Ал 21-желтоқсанда ұшырылады деп жоспарланған Францияның «Korot» астрофизикалық зерттеулерге арналған жер серігін алып ұшатын «Союз-2» зымыран тасығышы алдын-ала болжаммен 26-27-желтоқсанда аспан кеңістігіне бет алады деп күтілуде.

«Ұшырылымдарды кейінге қалдыру зымыран тасығыштар мен ұшырылым кешендерін техникалық тұрғыда мейлінше мұқият дайындау мақсатынан туындап отыр»,- деп хабарлайды орталық.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта