"Байқоңырдан" зымыран ұшыру уақытша тоқтатылды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Байқоңырдан" зымыран ұшыру уақытша тоқтатылды

"Байқоңырдан" зымыран ұшыру уақытша тоқтатылды

Алдағы уақытта ғарыш айлағынан зымыран ұшыру 11 қазанға жоспарланған. "Союз МС-10" ғарыш кемесі аттандырылуы мүмкін.

  • 11 Шiлде 2018
  • 35
Фото - Caravan.kz

Ресей Байқоңырдан зымыран ұшыруды үш айға тоқтатуға шешім қабылдады.

РИА Новости хабарлағандай, биыл Ресей ғарыштан бес зымыран ұшырған екен. Естеріңізге сала кетсек, өткен сейсенбіде Байқоңырдан  "Прогресс МС-09" жүк кемесі аттандырылып, қас қағым сәтте Халықаралық ғарыш станциясына жеткен болатын.

"Шілде, тамыз және қыркүйекте зымыран ұшырылмайды. Алдағы ұшыру қазан айына жоспарланған. "Союз МС-10" басқарылатын ғарыш кемесі 11 қазанда аттанбақ", — деп хабарлады агенттікке сұхбат беруші.

Жоспар бойынша, ХҒС-ға ресейлік ғарышкер Алексей Овчинин мен америкалық астронавт Ник Хайг сапар шегуі тиіс.


Сонымен бірге, 31 қазанда "Прогресс МС-10" жүк кемесі ұшырылады. Әрі жыл соңында Мысырдың EgyptSat-A спутнигі, "Благовест" әскери аппараты және 20 желтоқсанда тағы бір басқарылатын кеме "Союз МС-11" аттандырылады.

 

Соңғы жаңалықтар