«Бриз-М» үдеткіш блогы жер серігін биіктігі 36 мың шақырымдық геостационар орбитаға жеткізуге арналған.
Арабияның жер серігі байланысы ұйымына қарасты «АрабСат-4Б» телекоммуникациялық жер серігі сандық телевидение қызметін көрсету, тікелей телевизиялық хабарлар тарату, тұтынушыларға мәліметтерді жеткізу және Араб әлемі елдеріне Интернет қызметін жеткізуге арналған. «АрабСат-4Б» телекоммуникациялық жер серігі «АрабСат» ғарыштық байланыс жер серіктері тобының екінші серігі болып табылады. Алғашқы жер серігі — «АрабСат-4А» ғарыштық аппаратының наурыз айындағы ұшырылымы сәтсіз аяқталған. «Бриз-М» үдеткіш блогының жұмысындағы қателік салдарынан жер серігі есепті геостационар орбитаға шыға алмай қалды.
«Бриз-М» үдеткіш блогы мен «АрабСат-4Б» жер серігін алып ұшатын «Протон-М» зымыран-тасығышы Байқоңыр ғарыш айлағының 200-алаңынан 8-қарашада ұшырылады деп межеленген.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті