«Протон-К» зымыран тасығышы қосалқы жабдықтарымен Мәскеу түбіндегі М. Хруничев атындағы орталықтан темір жол көлігімен Төретам ауылына жеткізілді.
Зымыран тасығыштың блоктары мен қосалқы жабдықтары тиелген вагондар ғарыш айлағы аумағындағы темір жол тармағымен №92 алаңның монтаж-сынақ корпусына жеткізілді, онда зымыран тасығыштың сатылары құрастырылып, ұшырылымға дайындалады.
Әскери мақсаттағы жер серігін ұшыруға арналған «Протон-К» зымыран тасығышы 2008 жылдың 2 жартысында ұшырылады. Нақты ұшырылым күні кейінірек белгіленеді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті