Байқоңырға Astra-1M телекоммуникациялық жер серігін ұшыруға арналған "Бриз-М" үдеткіш блогы жеткізілді - kaz.caravan.kz
  • $ 457.98
  • 490.86
+29 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Байқоңырға Astra-1M телекоммуникациялық жер серігін ұшыруға арналған "Бриз-М" үдеткіш блогы жеткізілді

Байқоңырға Astra-1M телекоммуникациялық жер серігін ұшыруға арналған "Бриз-М" үдеткіш блогы жеткізілді

Байқоңыр. 3 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Байқоңырға Люксембургтің Astra-1M телекоммуникациялық жер серігін ұшыруға арналған "Бриз-М" үдеткіш блогы жеткізілді, деп хабарлайды агенттік тілшісі ғарыш айлағындағы ақпарат көзіне сілтеме жасап.

  • 3 Қазан 2008
  • 417
Фото - Caravan.kz

Еуропаның Astra-1M телекоммуникациялық жер серігін «Протон-М» зымыран тасығышымен 2008 жылдың қазан айының аяғында ұшыру жоспарланған.

Astra-1M жер серігін Еуропаның EADS Astrium концерні SES Astra (Люксембург) компаниясының тапсырысы бойынша жасаған.

Салмағы 6 тоннадан асатын ғарыштық аппарат 36 транспондермен жабдықталған және телекоммуникациялық қызметтер мен телевидение сигналын HDTV форматында жеткізуге арналған. Astra-1M жер серігі геостационар орбитада 15 жыл белсенді жұмыс істеуге тиіс.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар