Байқоңырға Халықаралық ғарыш станциясына экспедиция жіберуге дайындық мақсатымен "Союз" кораблі жеткізілді - kaz.caravan.kz
  • $ 510.18
  • 601.91
-5 °C
Алматы
2025 Жыл
24 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Байқоңырға Халықаралық ғарыш станциясына экспедиция жіберуге дайындық мақсатымен "Союз" кораблі жеткізілді

Байқоңырға Халықаралық ғарыш станциясына экспедиция жіберуге дайындық мақсатымен "Союз" кораблі жеткізілді

"Байқоңыр" ғарыш айлағына Халықаралық ғарыш станциясына 11-ші негізгі экспедицияны жіберуге дайындық мақсатымен "Союз ТМА-6" кораблі жеткізілді. Бұл туралы KZ-today тілшісіне "Байқоңыр" Федералдық ғарыш орталығының баспасөз қызметінен бүгін, 15-ақпанда хабарлады.

  • 15 Ақпан 2005
  • 466
Фото - Caravan.kz

Ғарышкерлерді алып ұшатын «Союз» ғарыш кемесі айлақтың монтаждау және сынақ корпусында екі ай бойы дайындықтан өтеді.

Осы мерзімде негізгі және қосалқы экипаж мүшелері Ю.Гагарин атындағы ғарышкерлерді дайындау орталығындағы дайындық жұмыстарын жалғастыра береді. Экипаждар 11-ші негізгі (ұзақ мерзімді) және Халықаралық ғарыш станциясына баратын 8-ші экспедицияның бағдарламасына сәйкес әзірленеді.
Негізгі экипажға ресейлік ғарышкер Сергей Крикалев, АҚШ астронавты Джон Филиппс пен Еуропа ғарыш агенттігінің астронавты, Италия азаматы Роберто Виттори енген. Олар ғарыш кеңістігінде алты ай жұмыс істеген ресейлік Салижан Шәріпов пен АҚШ астронавты Лерой Чиаоны алмастырады.
«Союз» ғарыш кемесі Байқоңырдан 2005-жылдың 15-сәуірінде ұшырылады.

Перейти к новостям спорта