Байқоңырға Халықарлық ғарыш станциясына ғарышкерлер экипажын ұшыруға арналған "Союз ТМА-13" ғарыш кораблі жеткізілді - kaz.caravan.kz
  • $ 445.66
  • 474.58
0 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Байқоңырға Халықарлық ғарыш станциясына ғарышкерлер экипажын ұшыруға арналған "Союз ТМА-13" ғарыш кораблі жеткізілді

Байқоңырға Халықарлық ғарыш станциясына ғарышкерлер экипажын ұшыруға арналған "Союз ТМА-13" ғарыш кораблі жеткізілді

Байқоңыр. 22 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Байқоңырға Халықарлық ғарыш станциясына 2008 жылдың қазан айында ғарышкерлер экипажын ұшыруға арналған "Союз ТМА-13" ғарыш кораблі жеткізілді, деп хабарлайды агенттік тілшісі "Байқоңыр" ғарыш орталығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 22 Тамыз 2008
  • 452
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, бүгін таңертең Төретам темір жол бекетіне Королев қаласынан темір жол құрамы келіп жетті. Ол С.Королев атындағы «Энергия» зымыран-ғарыштық кешені» ААҚ-ның эксперименттік машина жасау зауытынан «Союз ТМА-13» ғарыш кораблі мен оның қосалқы жабдықтарын жеткізді.

«Тиісті кедендік процедуралардан өткеннен кейін құрам ғарыш айлағының ішіндегі темір жол тармағына көшіріліп, ғарыш айлағының №254 алаңына жеткізіледі», -деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Халықарлық ғарыш станциясына ғарышкерлер экипажын жеткізетін «Союз ТМА-13» ғарыш кораблі 2008 жылдың 12 қазанында ұшырылады.

Қазір Жұлдыздар қалашығында 18-ші негізгі экспедицияның негізгі экипажы ғарыштық сапарға дайындалуда. Экипаж құрамында Ресей ғарышкері Юрий Лончаков, американдық астронавт Эдвард Майкл Финк пен ғарыштық турист, 15-ші барушы экспедицияның ғарышкері, АҚШ азаматы Ричард Гэрриот бар.

Ұшырылым алдындағы дайындықтың соңғы кезеңінен өту үшін негізгі және қосалқы экипаж Байқоңвр ғарыш айлағына қыркүйектің басы мен қазанның ортасына таман келеді деп күтілуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар