Байқоңырға қыркүйекте "Глонасс-М" жер серіктерін ұшыруға арналған "Протон-М" зымыран тасығышы жеткізілді - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+23 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Байқоңырға қыркүйекте "Глонасс-М" жер серіктерін ұшыруға арналған "Протон-М" зымыран тасығышы жеткізілді

Байқоңырға қыркүйекте "Глонасс-М" жер серіктерін ұшыруға арналған "Протон-М" зымыран тасығышы жеткізілді

Байқоңыр. 21 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Байқоңырға қыркүйекте "Глонасс-М" жер серіктерін ұшыруға арналған "Протон-М" зымыран тасығышы жеткізілді, деп хабарлайды агенттік тілшісі ғарыш айлағындағы ақпарат көзіне сілтеме жасап.

  • 21 Тамыз 2008
  • 387
Фото - Caravan.kz

Протон-М» зымыран тасығышы қосалқы жабдықтарымен Мәскеу түбіндегі М. Хруничев атындағы орталықтан темір жол көлігімен Төретам ауылына жеткізілді.

Зымыран тасығыштың блоктары мен қосалқы жабдықтары тиелген вагондар ғарыш айлағы аумағындағы темір жол тармағымен №92 алаңның монтаж-сынақ корпусына жеткізілді, онда зымыран тасығыштың сатылары құрастырылып, ұшырылымға дайындалады.

Ресейдің навигациялық жер серіктерін ұшыру науқаны аясында ғарыш айлағында екі бірдей «Глонасс-М» ғарыштық аппаратының ұшырылым алдындағы дайындықтары жүргізілуде. Үшінші жер серігі тамыздың аяғында айлаққа жеткізіледі.

Үш бірдей «Глонасс-М» ғарыштық аппаратын алып ұшатын «Протон-М» зымыран тасығышының бұл 2008 жылғы Байқоңырдан бірінші ұшырылымы. «Протон-М» зымыран тасығышы тағы да үш «Глонасс-М» жер серігін алып 2008 жылдың желтоқсан айында ұшырылады.

Үш бірдей «Глонасс-М» жер серігінің үшінші ұшырылымы ГЛОНАСС ресейлік навигациялық жүйесінің 24 аппараттан тұратын топтамасын толықтыруға тиіс.

Ресейдің навигациялық үш «Глонасс-М» атты жер серігін алып ұшатын «Протон-М» зымыран тасығышының ұшырылымы 25 қыркүйекке межеленген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар