Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 27-шілдеде 1 сағат 43 минутта РС-20 «Днепр» зымыраны бір топ ғарыш аппаратын алып ұшты. Оның ішінде Беларусь елінің «БелКА» жер серігі де болан. 73-ші секундта зымыран құлап қалды.
«Днепр» зымыран тасығышы ұшыру алаңынан 150 шақырымдай жерде Жаңақала ауылының маңынан табылды. Зымыран құлаған жерде диаметрі 50 метр, тереңдігі 10 метрлік шұңқыр түзілді.