Байқоңырға ұшырылым алдындағы дайындық мақсатымен Жапонияның жер серігі жеткізілді - kaz.caravan.kz
  • $ 519.61
  • 610.13
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Байқоңырға ұшырылым алдындағы дайындық мақсатымен Жапонияның жер серігі  жеткізілді

Байқоңырға ұшырылым алдындағы дайындық мақсатымен Жапонияның жер серігі жеткізілді

Бүгін, 7-маусымда ғарыш айлағына Жапонияның OICETS ғарыштық аппараты жеткізілді. Бұл туралы KZ-today тілшісіне "Байқоңыр" Федералдық ғарыш орталығынан хабарлады.

  • 7 Маусым 2005
  • 450
Фото - Caravan.kz

Жер серігі ұшырылым алдындағы дайындық мақсатымен монтаж-сынақ корпусына жеткізіледі. «Днепр» зымыран тасығышының көмегімен 2005-жылдың маусым-қараша айларында Жапонияның OICETS және INDEX ғарыштық аппараттарын ұшыру туралы осы елдің JAXA аэроғарыштық зерттеулер агенттігі мен «Космотрас» Халықаралық ғарыштық корпорациясымен арадағы келісім-шартын Роскосмос 2005-жылдың сәуір айында мақұлдаған.

Федералдық ғарыш агенттігі төрағасының орынбасары В.Ремишевскийдің айтуынша, Роскосмос басшылығы бұл келісімді ғарыш кеңістігін бейбіт мақсатта зерттеу және игеру саласындағы Ресей-Жапония қарым-қатынасының маңызды құрамдас бөліктерінің бірі деп қарастырады. Ол «Космотрас» Халықаралық ғарыштық корпорациясы халықаралық ғарыштық ұшырылым қызметі рыногындағы сенімді әріптес деп сендірді.
«Южное» мемлекеттік конструкторлық бюросы жобалап, «Южмашзавод» Өндірістік бірлестігі» мемлекеттік кәсіпорны жасап шығараған РС-20 (SS-18) конверсиялық үлгідегі «Днепр» зымыран тасығышының техникалық сипаттамалары мен жоғары сенімділігіне бұған дейінгі ұшырылымдар куә. Ол 4 мәрте жер орбитасына шығарылып, РС-20 зымырандарын оқыту-жауынгерлік және сынақ мақсатымен талай рет ұшыру арқылы дәлелденді.
«Днепр» зымыран тасығышының көмегімен Жапонияның OICETS ғарыштық аппаратын ұшыру жаздың аяғына таман жүзеге асырылады деп күтілуде.

Перейти к новостям спорта