Байқоңырға Жапонияның INDEX ғарыштық аппараты жеткізілді - kaz.caravan.kz
  • $ 518.39
  • 603.09
-8 °C
Алматы
2025 Жыл
11 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Байқоңырға Жапонияның INDEX ғарыштық аппараты жеткізілді

Байқоңырға Жапонияның INDEX ғарыштық аппараты жеткізілді

Байқоңырға Жапонияның INDEX ғарыштық аппараты жеткізілді. Бұл туралы "Байқоңыр" Федералдық ғарыш орталығының баспасөз қызметінен KZ-today тілшісіне хабарлады.

  • 13 Шiлде 2005
  • 426
Фото - Caravan.kz

Жапонияның жер серігі сейсенбі күні «Крайний» әуежайына ұшақпен жеткізілді. Бүгін, 13-шілдеде INDEX ғарыштық аппараты ұшырылым алдындағы дайындық үшін №31 алаңдағы монтаждау-сынақ корпусына жеткізіледі.

Федералдық ғарыш орталығының ақпаратына сәйкес, INDEX — Байқоңыр ғарыш айлағынан ұшырылатын екінші Жапониялық жер серігі. Ол тамыз айының аяғында ұшырылуы тиіс.
«Днепр» зымыран тасығышының көмегімен 2005-жылдың маусым-қараша айларында Жапонияның OICETS және INDEX ғарыштық аппараттарын ұшыру туралы осы елдің JAXA аэроғарыштық зерттеулер агенттігі мен «Космотрас» Халықаралық ғарыштық корпорациясымен арадағы келісім-шартын Роскосмос 2005-жылдың сәуір айында мақұлдаған.
Қазір ғарыш айлағының мамандары ғарыш аппараттарын ұшыруға дайындық жұмыстарын жүргізуде.

Перейти к новостям спорта