Жарияланды: 650

Байсақовтың саяси баспана беру жөніндегі бір үндеуін Тохтасынов дайындағаны анықталды

Астана. 13 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Есентай Байсақовтың саяси баспана беру жөніндегі бір үндеуін оппозиция өкілдерінің бірі - Төлен Тохтасынов дайындағаны анықталды. Бұл туралы ҚР ІІМ тіл саясаты және ақпарат департаментінің жетекшісі Бағдат Қожахметов бүгін өткен брифингте мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Аса ауыр қылмысты жасыру бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 363 бабы бойынша бірнеше азаматтарға қатысты қозғалған қылмыстық іс бойынша тергеу іс-шаралары жалғасуда. Бүгінгі күні Ішкі істер министрлігінің жедел-тергеу тобы Украинаның ұлттар және миграция істері бойынша Мемлекеттік комитетіне жіберілген үндеулерінің бірін 2005 жылы Т.Тохтасыновтың дайындағанын анықтады",- деді ол. "Осы дерек бойынша сұрауға алынған Б.Әбілев, А.Қосанов, А.Қожақметов және В.Козловтың айтулары бойынша, бір үндеуге олар Тохтасыновтың өтініші бойынша қол қойған". "Тергелген азаматтардың мәліметтері бойынша және тергеу анықтағандай, Тохтасынов кейіннен бірнеше рет Украинаға ұшып барған. Сонымен қатар, күдікті А.Қожахметов 2005 және 2007 жылдары дайындалған өзге екі үндеуге қол қоюдың себепшісі болғанын терегеу анықтап отыр",- деді ІІМ өкілі. Естеріңізге сала кетейік, "Украина билігіне біздің елімізде ауыр және аса ауыр қылмыстар жасағаны үшін айыпталып, мемлекетаралық іздеуде жүрген Қазақстанның жеті азаматына саяси баспана беруді сұраған барлығы төрт үндеу жолданған". Қол қойылған үндеулер негізінде, Украинаның ұлттар және миграция істері бойынша Мемлекеттік комитеті Қазақстан Республикасының азаматы Е.Байсақовқа "саяси қашқын" мәртебесі берілген. Осының негізінде Қазақстанның құқық қорғау органдарына Е.Байсақовты қайтаруға мүмкін болмай отыр. Осыған байланысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 363-бабында қарастырылған "Ауыр немесе аса ауыр қылмысты жасырушылық" бабы бойынша қылмыстық істі қозғауға барлық негіз болды. Осы күнге дейін азамат Е.Байсақов мемлекетаралық іздеуде жүр. Ал оны қамауға алу туралы прокуратура 2002 жылы санкция берген болатын. "Енді осы қылмыстық істің түсініктемесіне тоқталайық: Қазақ ССР-нің Жоғарғы Соты Пленумының 1976 жылғы 24 желтоқсандағы №5 қаулысына сәйкес, алдын-ала уәде берместен жасыру қылмысты табуды қиындататын немесе қылмыскерге тергеу және сот органдарынан жасырынуға көмектесетін әрекеттерден көрінеді",- деді Б.Қожахметов. "Бұл жағдайда қылмыстың объектісіне қылмысты ашу, қылмыскерді әшкерелеу және үкім шығару бойынша анықтау, алдын-ала тергеу және соттың әдеттегі іс-әрекеті жатады". Осы қылмыстың объективті жағы қылмыскерді жасыруға бағытталған белсенді әрекеттермен сипатталады. Қылмыскерді жасыру ұғымына оған баспана беру де жатады. Қозғалған қылмыстық іс бойынша өтіп жатқан азаматтар өздерінің үндеулерінде қазақстандық құқық қорғаушылар іздестіріп жүрген азаматтарға өзге мемлекеттен саяси баспана беруді сұрайды. Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 363-бабында қарастырылған қылмыстың субъектілері ауыр немесе аса ауыр қылмысты жасаған қылмыскерді жасырғанын түсінген адамдар жатады. Бұл қылмыстың субъектісі 16 жасқа толған есі дұрыс адам болуы мүмкін. Осы қылмыстың субъективті жағы тікелей қасақаналық формасындағы кінәмен сипатталады. Мұндай қылмысқа түрткі болатын нәрселер әртүрлі болуы мүмкін (қылмыскердің пайдакүнемдігі, қорқынышы, сот төрелігі органдарына деген кегі, жасырынған адаммен туыстық, достық қатынастар және т.б.). "Әбілев, Қосанов, Козлов пен Қожахметов өздерінің жауаптарында Е.Байсақов оларға жақын таныс емес, оның Қазақстан аумағында жасаған аса ауыр қылмысы, яғни, кәсіпкер Борис Костановтың өлтірілуіне қатысты болуы тұралы ештеңе білмейміз деген". Б.Қожахметовтың айтуынша, "бірақ та, осы айтылған жауап объективті түрде расталмай отыр, яғни, олар дайындаған және қол қойған үндеу мәтінін сөзбе-сөз келтірсек, "оларға қарсы қылмыстық қудалау жүргізілуде" деген сөз жағдайдың керісінше екенін көрсетеді". "Осындай үндеу Украина билігіне 2005-2007 жылдар аралығындағы екі жыл ішінде төрт рет дайындалып, жіберілген. Сонымен қатар, Е.Байсақовқа қатысты бір ғана қылмыстық іс қозғалған болатын және оның негізінде Е.Байсақов адам өлтіруді тапсырушы ретінде айыпталуда". "Сонымен, күдіктілердің Е.Байсақовтың не нәрсе бойынша айыпталып отырғанын білмейміз деген мәлімдемелері шындыққа жанаспайды. Осыған қосымша тергеуде өзге де бұлтартпас дәлелдер бар және олар сот талдауына міндетті түрде ұсынатын болады. Тергеу амалдары жалғасады және Ішкі істер министрлігі тергеудің объективті болатынын мәлімдейді, ал тергеу құпиясына жатпайтын ақпарат міндетті түрде жарияланады",- деді ҚР ІІМ тіл саясаты және ақпарат департаментінің жетекшісі. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін