Бұл туралы Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің баспасөз қызметінен хабарлады.
«Айта кетерлігі, «Бәйтерек» командасы басым ойыншыларынсыз қалды. Бразилияда оқып қайтқан жас футболшылар жеңіл жарақат алып, қалған үшеуі елміздің құрамасына шақырылды. Алайда, жарты құраммен ойнаған «Бәйтерек» футбол клубы қызықты ойын көрсете білді», — делінген таратылған хабарламада.
Бірінші 5 турдан кейін клуб қанжығасында 8 ұпай бар, ал бірінші орынды иелену үшін оларға 2 ұпай ғана жетпей қалды. Алайда, команда ҚР-дың 1/8 Кубогына жолдама ала алмай қалды. Өйткені, «Бәйтерек» ойынға толық құрамда қатыса алмады.
Айта кетерлігі, академияның жас жаттықтырушылары өз жастарына байланысты бірінші лига командаларына қарсылас бола алмайды. Сондықтан, «Бәйтерек» футбол командасының құрамына кәсіби аяқдоп шеберлері шақырылды.
«Бәйтерек» футбол командасы бразилиялық «Оле Бразил ФК» футбол академиясында оқып қайтқан жас футболшылардың кәсіби деңгейін әрі қарай дамыту мақсатында құрылғанын білеміз. 2009 жылы Футбол федерациясының іріктеу комиссиясының таңдауымен Бразилияға 26 футболшы аттанған болатын.
2012 жылдың наурыз айында Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі Бразилияда оқып жатқан немесе оқып келген жастардың кәсіби деңгейін әрі қарай дамыту мақсатында жаңадан «Бәйтерек» ФК құру туралы шешім қабылдады.
Команда құрамында 27 ойыншы бар. Олардың 15-і Бразилия академиясының түлектері, ал қалған 12 ойыншы еліміздің әр аймағынан шақырылғандар. Топты Бразилиялық құрам жаттықтырады.
Бүгінде команда құрамында 6-8 «бразилиялық» ойнайды. Уақыт өте келе «Бәйтерек» құрамында толығымен дерлік Бразилиялық академия түлектері ойнайды деп жоспарлануда. Биылғы жылы аталған мектепке тағы 26 ойыншы жіберілді.