«Бәйтерек» ғарыш зымыран кешенінің құны бастапқы бағасынан 7 есеге артты - kaz.caravan.kz
  • $ 474.83
  • 515.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Бәйтерек» ғарыш зымыран кешенінің құны бастапқы бағасынан 7 есеге артты

«Бәйтерек» ғарыш зымыран кешенінің құны бастапқы бағасынан 7 есеге артты

«Бәйтерек» ғарыш зымыран кешенінің мерзімі 47 айға кешігіп, оның құны бастапқы бағасынан 7 есеге артып отыр.

  • 10 Желтоқсан 2012
  • 488
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы бүгін Парламент Мәжілісінде өткен Үкімет сағатында Ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы Талғат Мұсабаев мәлім етті.

«Ресей Федерациясымен бірлесіп «Бәйтерек» қазақстандық зымыран кешенін құру бойынша жұмыстарды атқарып келеміз. Қазіргі күні жоба бірқатар қиындықтарды бастан кешуде, ол жобалық жұмыстар фазасын да еңсерген жоқ. Ал жобаны жүзеге асыру мерзімінің ұзаққа созылуының басты себебінің бірі — ресейлік тараптың жобаны жүзеге асыруға қатысты мерзімді 47 айға кешіктіруі, сондай-ақ жоба құнының бастапқы бағасынан 7 есеге артуынан болып отыр», — деді Т. Мұсабаев.

Оның айтуынша, бүгінгі таңда жағдайды оңалту бойынша жұмыстар атқарылуда. Оның ішінде Қазақстан мен Ресейдің ғарыш агенттіктері «Бәйтерек» кешенінің техникалық негізін «Ангар» зымыран-тасығышынан «Зенит» зымыран тасығышына ауыстыру жөніндегі жұмыстарды атқаруда. Бұл өз кезегінде біршама қаржы шығынын қысқартуға септігін тигізуі мүмкін.