В.Нестеровтың айтуынша, алаңдағы алғашқы сынақ ұшырылымдар 2011-жылға межеленген. «Егер сынақтар 2011-жылы басталса, 2012-жылы «Бәйтерек» кешенінен бірінші зымыран ұшырылады», деді ол.
«Бәйтерек» жобасы бойынша «Ангара» ауыр зымыран-тасығышының негізінде ғарыштық-зымыран кешенін құру көзделген. «Бәйтерек» ғарыштық-зымыран кешеніне ғарыштық аппараттарды дайындау мен сынақтарға арналған жұмыс орындары бар ұшырылым және техникалық кешені қамтылады. Бәйтеректе сонымен бірге өлшем кешені мен коммуналдық шаруашылық нысандары да енеді.
Ғарыш саласы мамандарының пікірінше, «Бәйтерек» жобасы ТМД аясында жүзеге асырылып жатқан ең ауқымды ғарыштық жобалардың бірі болып табылады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті