Жарияланды: 440

«Бәйтерек» ЗК-ны құруға қатысты Қазақстан мен Ресейдің арасындағы келісімді біліктілігі төмен адамдар жасаған -Т. Мұсабаев

«Бәйтерек» ЗК-ны құруға қатысты Қазақстан мен Ресейдің арасындағы келісімді біліктілігі төмен адамдар жасаған -Т. Мұсабаев

-«Бәйтерек» зымыран кешенін құруға қатысты Қазақстан мен Ресейдің арасындағы келісімді біліктілігі төмен адамдар жасаған.

Бұл туралы бүгін Парламент Мәжілісінде өткен Үкімет сағатында Ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы Талғат Мұсабаев мәлім етті. Агенттік төрағасының айтуынша, «бұл жобаның басталмай тұрып құрдымға кетуінің басты себебі - қазақстандық тараптан осы келісімді ғарыш зымыран кешенінің не екенін жете түсінбейтін адамдардың жасауында» болып отыр. «Оларда тіпті білім де, тәжірибе де болмады, сондықтан да біздің тараптан келісімді жасауға осы тақырыпты соншалықты түсінетін адамдар қатыспаған. Соның салдарынан осы келісімнің мәтініне «жайырақ жарылатын мина» еніп кетіп, сол бүгін іске қосылды. Біз бүгін тура сол сәттеміз. Онда біріншіден, пайдалануға берілетін мерзімі де, зымыран ғарыш кешенінің құнын нақты айқындайтын баға да қамтылмаған. Соның ішінде Ресей Федерациясы ешқандай да тәуекелдер алмай, ондай тәуекелдердің барлығы бір ғана Қазақстанның иығына артылған», - деді Т.Мұсабаев. Агенттік төрағасының айтуынша, жобаның бастапқы құны 223 миллион долларды құраса, онда қазіргі таңда тек жерүсті кешенінің өзі 1,7 миллиард долларды құрап, ал жобаның жалпы құны 2 миллиард доллардан асады. Бұдан бөлек, агенттік басшысы Келісім жасау барысында қазақстандық тарап ресейліктермен теңдей қатысуды есептеген. Бірақ, былтырдан бастап Ресей тура осындай жобаны «Восточный» ғарыш айлағында «Ангара» зымыран-тасығышын пайдалану арқылы жүзеге асыра бастаған. «Осыған байланысты екі елдің Мемлекет басшылары мен Үкімет басшылары деңгейінде «Зенит» зымыран тасығышы базасында «Бәйтерек» кешенін құру туралы уағдаласқан болатын. Бұл жүк көтеруі бойынша орташа сыныпқа жатады, алайда, аса ауыр салмаққа дейін жүк көтеруге бейімделіп жетілдіруге жатады», - деді басшы.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін