Бәйтеректің жанындағы жаппай тілеген тілеу елдер мен діни бірлестіктердің бейбітшілік пен жасампаздыққа деген құлшынысын нығайтады - ҚР Елбасы - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бәйтеректің жанындағы жаппай тілеген тілеу елдер мен діни бірлестіктердің бейбітшілік пен жасампаздыққа деген құлшынысын нығайтады - ҚР Елбасы

Бәйтеректің жанындағы жаппай тілеген тілеу елдер мен діни бірлестіктердің бейбітшілік пен жасампаздыққа деген құлшынысын нығайтады - ҚР Елбасы

"Қазақстан Елордасындағы Бәйтерек ескерткішінің жанында жасалған жаппай құлшылық елдер мен діни бірлестіктердің бейбітшілік пен жасампаздыққа деген құлшынысын нығайтады". Бұл туралы, бүгін, 24-қыркүйекте жаратушыға мінәжат ету шарасынан кейін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев атап көрсетті.

  • 24 Қыркүйек 2003
  • 738
Фото - Caravan.kz

«Біздің бір алаңда Бәйтеректің панасында бас қосуымыздың өзі бейбітшілікке, ынтымақтастыққа, халықтарымыздың бақыты мен амандығы, бейбітшілік пен беймаралдық үшін соғыссыз, зорлық-зомбылықсыз әлемге шақырудың бір ашық әрі бейнелі белгісі болмақ»,- деді Елбасы.

Н.Назарбаев құрылтайда атқарылған ауқымды істерге тағы бір тоқтала отырып, » біз құрылтайда әр құрлық пен әр елдердің адамдарының ортақ ой-арманынан хабардар болдық»,- деп атап көрсетті.
Мемлекет басшысы құрылтайға қатысушылар мен меймандарға шынайы бірлесуге деген риясыз ықыласы үшін алғыс айта отырып, бейбітшілік пен беймаралдық, бақыт пен түсіністік тіледі.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Бүгін, 24-қыркүйекте Қазақстан Елордасының жаңа алаңындағы «Астана-Бәйтерек» ескерткішінің жанында түгелдей жиналған Бүкіләлемдік және дәстүрлі діндер жетекшілерінің құрылтайына қатысушылар жаратушыдан жер бетіндегі бейбітшілікті сақтауды сұрап жаппай дұға оқыды. Бәйтерек мұнарасының үстіңгі қабатында делегация басшылары «Бейбітшілік пен келісім орныққан Қазақстан даласы ақ батамен көгерсін» деген жазуы бар символикалық полотноға қолдарын қойды.
Дәл қазіргі сәтте Бүкіләлемдік және дәстүрлі діндер жетекшілерінің құрылтайына қатысты негізгі шаралар аяқталды. Бүгін кешке қарай құрылтай қонақтары отандарына қайта бастайды. Ал кейбір делегациялардың басшылары жолға шығар алдында журналистерге арнап баспасөз мәслихатын өткізбекші.

Соңғы жаңалықтар