Байқоңыр қаласы тұрғындарының үйінен 180-ге жуық діни әдебиет табылды - kaz.caravan.kz
  • $ 473.13
  • 554.08
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
13 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Байқоңыр қаласы тұрғындарының үйінен 180-ге жуық діни әдебиет табылды

Байқоңыр қаласы тұрғындарының үйінен 180-ге жуық діни әдебиет табылды

Қызылорда облысында жыл басынан бері дін саласында 14 әкімшілік құқықбұзушылық тіркелді.

  • 13 Сәуiр
  • 3
Фото: Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Kazinform-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, құқықбұзушылықтардың басым бөлігі департаменттің экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы жүргізген рейдтік іс-шаралар, сондай-ақ әлеуметтік желілер мен интернет-ресурстардағы мониторинг нәтижесінде анықталған.

— Діни әдебиеттер мен діни мазмұндағы басылымдарды тек арнайы рұқсаты бар, заңды түрде тіркелген сауда орындары ғана сата алады. Соған қарамастан мұндай өнімдерді интернет арқылы заңсыз сату фактілері кездесіп отыр. Осыған байланысты Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 453, 490-баптарына сәйкес діни әдебиеттерді және діни мақсаттағы өзге де материалдарды заңсыз әкелгені немесе таратқаны үшін жеке тұлғаларға 50, заңды тұлғаларға 200 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл қарастырылған. Байқоңыр қаласының 34 және 38 жастағы тұрғындарының үйлерін тінту барысында 180-ге жуық діни әдебиет анықталып, кодекстің 490-бабы бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды. 32 және 36 жастағы облыс тұрғындары «ВКонтакте» әлеуметтік желісі арқылы діни мазмұндағы аудио және бейнематериалдарды таратқан. Бұл деректер әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында белгілі болған. Олар әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 120 мың теңгеден астам айыппұл салынды, — делінген хабарламада.