Байқоңырдан "Протон" зымыранын ұшыру техникалық себептерге байланысты кейінге қалдырылды - kaz.caravan.kz
  • $ 519.61
  • 610.13
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
15 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Байқоңырдан "Протон" зымыранын ұшыру техникалық себептерге байланысты кейінге қалдырылды

Байқоңырдан "Протон" зымыранын ұшыру техникалық себептерге байланысты кейінге қалдырылды

15 желтоқсанда Байқоңыр ғарыш айлағынан ұшырылуы тиіс болған "Протон-М" зымыран-тасығышының ұшырылымы үдеткіш блоктағы ақауларға байланысты тоқтатылды

  • 15 Желтоқсан
  • 3
Сурет: Telegram/Роскосмос

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы zakon.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Аталған ақпаратты «Роскосмос» мемлекеттік корпорациясының баспасөз қызметі жариялады.

«Жоспарлы ұшырылым алдындағы тексерулер барысында үдеткіш блокта жергілікті сипаттағы техникалық сәйкессіздік анықталды», – деп мәлімдеді корпорация.

Сурет: Telegram/Роскосмос

Осыған байланысты ұшырылым «анықталған кемшіліктерді жою үшін» кейінге шегерілді. «Роскосмос» бас директорының орынбасары Иван Даниловтың айтуынша, қажетті жұмыстардың ауқымы анықталып қойған.

Сурет: Telegram/Роскосмос

Айта кетейік, «Протон» зымыраны 1960-жылдардың ортасынан бері қолданылып келеді. Алдағы уақытта оны «Ангара» зымырандар тобы алмастыруы жоспарланған.

Перейти к новостям спорта