Байлық адамның мінез құлқын қаншалықты өзгертеді? - kaz.caravan.kz
  • $ 494.95
  • 525.49
+2 °C
Алматы
2024 Жыл
13 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Байлық адамның мінез құлқын қаншалықты өзгертеді?

Байлық адамның мінез құлқын қаншалықты өзгертеді?

Мінез құлқы адамның байлыққа жетуіне тікелей ықпал етеді ме?

  • 9 Қазан
  • 37
Фото: NewPhilosopherMagazine

Жаңа Зеландиядан шығатын New Philosopher magazine журналы биылғы кезекті санын байлық ұғымына арнапты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Байлық ұғымын тек психологиялық сипатта емес, философиялық тұрғыда бастан аяқ, сан қырынан талдаған. Байлық ұғымы туралы әрбір менталитеттің өзіндік таным жүйесі болғанымен, адамзатқа ортақ қасиеті көп.

Журналда, байлықтың (wealth) адамның қоғамда өзін ұстауына, өміріне ықпалы туралы соңғы жылдары жүргізілген зерттеулерге талдау жасапты.

АҚШ та, құрылыс саласында кәсіппен айналысатын Джек Уиттакер 2002 жылы, Кристмас мерекесі қарсаңында, 315 миллион доллар (теңгемен 153,537,300,000) көлемінде Powerball джекпотын ұтады. Бұл көрсеткіш, адамзат тарихында, жеке адам ұтқан рекордттық суммадағы джекпот. Бір түнде, миллионер атанған Джек Уиттакер журналистерге сұхбат бергенде:

«Енді, уақытымның көп бөлігін отбасыма арнаймын. Джекпот ұтпаған адамдай, бай бола тұра, орта деңгейлі адамның өмірін сүремін, қолымнан келгенше көмекке мұқтаж азаматтарға көмектесемін»,- деп айтып еді.

Бірақ, бір апта өтпей, Джек Уиттакер жергілікті стриб клубтан табылып, елу мың долларды бір кеште жұмсағаны белгілі болады. Он жыл көлемінде, лудоманиямен ауырып, отбасынан ажырап, жағдайы тіпті джекпот ұтпаған кезден нашар деңгейге түседі.

Байлық адамның мінез құлқын қаншалықты өзгертеді? Мінез құлқы адамның байлыққа жетуіне тікелей ықпал етеді ме деген сұрақтар аясында Калифорния университеті , әлеуметтік психологы Пол Пифф пен Торонто университеті ғалымдары бірлесіп ауқымды зерттеу жүргізген.

Зерттеу қорытындысы бойынша, жоғары тап өкілдері төменгі тап өкілдеріне қарағанда, алдап — арбауға, заң бұзуға, қалыптасқан ережені өз мүддесіне бұруға бейім келетіні анықталған. Ең қызығы, мұндай кері әсер беретін мінез-құлық төменгі класстан жоғары классқа бірден өткен кезде өте жоғары болатыны айтылады.

«Талғардағы, көз алдында ұлынан айырылған әкенің мұңын көріп, осы мақала есіме түсті. Шығу тегіне, әлеуметтік статусына қарамастан заңның теңдігін талап еткенімізбен, бүгінгідей әлеуметтік пікір қалыптастырып, елдің назарын аудармасa, кез-келген әлеуметтік қақтығыс ол таптар арасындағы конфликт ретінде жалғаса береді», — деді саясаттанушы Нұрболат Нышанбай.