"Байым бір шапалақ берді екен деп, бәрің ажырасып кетіңдер онда": Блогер Ырысбала Икрамбай актер Серік Шәріпті жақтап шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 514.94
  • 583.74
+15 °C
Алматы
2025 Жыл
12 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Байым бір шапалақ берді екен деп, бәрің ажырасып кетіңдер онда": Блогер Ырысбала Икрамбай актер Серік Шәріпті жақтап шықты

"Байым бір шапалақ берді екен деп, бәрің ажырасып кетіңдер онда": Блогер Ырысбала Икрамбай актер Серік Шәріпті жақтап шықты

Танымал блогер, қоғам белсендісі Ырысбала Икрамбай сүйіктісін лифтіден алып шығып, қол көтерген актер Серік Шәріпті жақтап шықты.

  • 7 Сәуiр
  • 211
Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Блогердің сөзінше еркек қол көтерді екен деп, әйелдерге ажырасуға болмайды екен.

«Отбасы болғаннан кейін бәрі болады ғой. «Жоқ, саған қолының ұшы тие ме, ажырас кет, еркек, әйел үйтпеу керек»… Пішту… Жақсы, байың маған бір шапалақ берді деп, байым маған қатты сөйлеп қойды, көңілімнен шығатын сыйлық бермей қойды, ақша бермеді деп, бәрің ажырасып кетіңдер онда.

Мені жұлқылады, мені лифтпен жұлқылап шығарып алды деп. Айырылысқан ата-ананың азабын, амалы жоқ балалар тартады. Сондықтан отбасы болғаннан кейін бәрі болады, сол себепті ашуды тұсап, ақылмен шешуге тырысу керек. Бізде періште емеспіз, бізде талай қырылдық.

Байғұс актер еркекті не істеп жібердіңдер? Адамның соңғысы қылып жібердіңдер ғой. Біз текті қазақтың қыздарымыз, біз тектінің ұрпақтарымыз, біз қазақпыз деп кеудені соққанда кереметпіз. Қазақтың сөзіне неге құлақ аспаймыз? Біреудің қырылып жатқаны бәріңе қызық болып тұр ма?

Әлде инстаграмда реклама келмей жатыр ма? Охват болмай жатыр ма? Қатты бір ақша керек болып жатыр ма? Әңгменің ашығы, әлде өздеріңнің өмірлерің түк қызық болмай жатыр ма? Бәрін санасыз қылып қоюға болмайды, бір еркек қателік жасады деп. Әйелдер де жетісіп жатқан жоқпыз, айналайындар», — деп ойын білдірді блогер.