Бахрейнде қазақ қызы секс-құлдықтан құтқарылды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-3 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бахрейнде қазақ қызы секс-құлдықтан құтқарылды

Бахрейнде қазақ қызы секс-құлдықтан құтқарылды

Жат елде жезөкшелікке жегілген қарағандылық бойжеткен сексуалдық құлдықтан босатылды. 18 жастағы отандасымызды Бахрейн полициясы құтқарған. Енді ол құжаттарын рәсімдеп Қазақстанға ұшып келуді жоспарлап отыр.

  • 23 Қыркүйек 2016
  • 2217
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Самал есімді бойжеткен осыдан бір ай бұрын Бахрейн астанасы Манамаға өз еркімен барған екен. Оны жақын танысы жұмысқа орналастырамын деп алдап апарып, жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген. Тіпті ұшақ билетін де құрбысы сатып алып беріпті. Алайда Бахрейнге барған бетте барлық құжаттарын тартып алып, қонақүйлердің бірінде тәнін сатуға итермелеген. Сондықтан мұндай қорлыққа шыдамаған бойжеткен өзін сексуалдық құлдықтан құтқаруды сұраған болатын. Бүгін бостандық алған бойжеткеннің Қарағандыда 2 жарым жасар ұлы бар екен. Яғни 15 жасында тұрмыс құрған ол күйеуіммен ажырасып кеттім дейді. Самалдың айтуынша Бахрейнде тәнін саудалап жүрген жерлестеріміз көп көрінеді.

"Қонақүйлердің бәрі толған жезөкше. Бәрі нашақор. Өткен аптада дозаны артық қабылдап қойған бір қазақ қызы өліп кетті. Мүмкін өлтіріп тастаған болар" дейді ол.