Бакиев пен Назарбаев ТМД мемлекет басшыларының алдағы саммитіне дайындық мәселелерін телефон арқылы талқылады - kaz.caravan.kz
  • $ 504.76
  • 593.8
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
30 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бакиев пен Назарбаев ТМД мемлекет басшыларының алдағы саммитіне дайындық мәселелерін телефон арқылы талқылады

Бакиев пен Назарбаев ТМД мемлекет басшыларының алдағы саммитіне дайындық мәселелерін телефон арқылы талқылады

БІШКЕК. 7-қараша. Kazakhstan Today. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Қырғызстан президенті Құрманбек Бакиев ТМД мемлекет басшыларының алдағы саммитіне дайындық мәселелерін телефон арқылы талқылады, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі Қырғызстан президентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 7 Қараша 2006
  • 310
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, мемлекет басшылары бүгін түстен кейін телефон арқылы хабарласқан.

Қ.Бакиев пен Н.Назарбаев сонымен бірге Қырғызстанға қосымша инвестиция тарту мәселесін талқылады. Сонымен бірге Қазақстан президенті Қырғызстандағы қазіргі ахуал жайында сұрап білді.

Қ.Бакиев бүгін сондай-ақ Өзбекстан президенті Ислам Кәрімовпен де телефон арқылы сөйлесті. Президенттер ТМД мемлекет басшыларының алдағы саммитіне қатысты және екі жақты қарым-қатынастың келешегі мен Орталық Азиядағы аймақтық интеграция мәселелерін талқылады.

ТМД мемлекет басшыларының саммиті 2006-жылдың 28-қарашасында Минск қаласында өтеді.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта