Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Prosports.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Бұл туралы мәскеулік клубтың баспасөз қызметі мәлімдеді. Ақпаратқа сенсек, қос тарап 2029 жылға дейін жарамды жаңа келісімшартқа қол қойды.
«Динамо» клубы қазақстандық футболшы үшін түркиялық «Бешікташ» клубына 2,5+ млн еуро төледі.
Айта кетейік, 27 жастағы отандасымыз Стамбулдың клубында 2023 жылдан бері ойнап, 49 матчта бір гол (+1 ассист) соқты.
Футболшы өзіне 19-нөмірді алды. Осыған дейін 19-нөмірлі жейдемен «Астанада», «Ростовта» және ЦСКА-да тер төккен еді.