Баку банкаралық валюта биржасы мен Қазақстан қор биржасы арасында өзара ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Баку банкаралық валюта биржасы мен Қазақстан қор биржасы арасында өзара ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды

Баку банкаралық валюта биржасы мен Қазақстан қор биржасы арасында өзара ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды

Әзербайжан мен Қазақстанның ұйымдасқан қаржы рыногін дамыту мақсатымен Баку банкаралық валюта биржасы (BBVB) мен Қазақстан қор биржасы (KASE) арасында өзара ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі Баку қаласынан.

  • 27 Қараша 2003
  • 1220
Фото - Caravan.kz

Баку банкаралық валюта биржасының ақпараттық-талдама бөлімінің хабарламасына сәйкес, KASE президенті Азамат Жолдасбеков пен BBVB басқарушысы Фархад Амирбеков 2003-жылдың 24-қарашасында Алматыда өзара уағдаластықтарды жүзеге асыруға бағытталған өзара ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.

Ынтымақтастықтың басты мақсаты — Әзербайжан мен Қазақстанның ұйымдасқан қаржы рыноктерін өзара интеграциялау болмақ.
Келісімге сәйкес тараптар екі ел қаржы рыноктарының негізгі сегменттері бойынша өзара ақпарат алмасу, қаржы рыногін реттеу мәселелерінің түрлі аспектілері бойынша екі жақты консультациялар өткізуге келісті.
Сондай-ақ, келісімдерге сәйкес, KASE мен BBVB әртүрлі қауымдастықтар, федерациялар тәрізді екі биржа да мүшелікке өткен сан алуан халықаралық ұйымдарға қатысты өзара келісілген іс-әрекеттер жүргізу туралы мәмілеге келді.
Екі жақты ынтымақтастықты дамыту аясында Азамат Жолдасбеков пен Фархад Амирбеков биржалардың сауда, есеп және басқа да жүйелерінің өзара үйлесімділік перспективасын талқылады. Аталмыш мақсатқа сәйкес тараптар екі жақты тренинг шаралар өткізу және бірлескен жұмыс топтарын құруға әзірлік танытты.
KASE Қазақ банкаралық валюта биржасы деген атпен 1993-жылдың 17-қарашасында құрылған. Қазір Қазақстан қор биржасы ұйымдасқан түрдегі әмбебап қаржы рыногіне айналды. Биржа шетел валютасының рыногі, мемлекеттік бағалы қағаздар рыногі, акциялар мен корпоративтік облигациялар рыногі, деривативтер рыногі тәрізді негізгі төрт секторға бөлуге болады. 10 жылда түрлі қаржылық құралдар бойынша биржадағы жалпы сауда-саттық көлемі 80 млрд. 905 млн. долларды құрады.

Соңғы жаңалықтар