Баку қаласында Каспий аймағы, Орталық Азия және Кавказ елдерінің энергетика министрлерінің кездесуі басталады - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Баку қаласында Каспий аймағы, Орталық Азия және Кавказ елдерінің энергетика министрлерінің кездесуі басталады

Баку қаласында Каспий аймағы, Орталық Азия және Кавказ елдерінің энергетика министрлерінің кездесуі басталады

Бүгін, 12-қарашада Баку қаласында Әзербайжан , Грузия, Түркия, Ресей, Иран және Орталық Азия аймағы елдерінің энергетика министрлерінің кездесуі басталады. Әзербайжан отын және энергетика министрлігінің баспасөз қызметінен KZ-today тілшісіне хабарлағанындай, кездесу Еврокомиссияның көлік және энергетика жөніндегі бас директоры Франсуа Ламордың бастамасы бойынша өткізілуде.

  • 12 Қараша 2004
  • 558
Фото - Caravan.kz

Кездесуге қатысушылар Еуропалық Одақ пен Каспий бассейні елдерінің арасындағы ынтымақтастықты нығайту, Еуропаға қуат көздерін тасымалдау және құбыр жүйелерінің қауіпсіздігі туралы мәселелерді талқылайды.

Форумға Әлемдік банк, Еуропалық қайта құру және даму банкі мен басқа да ірі қаржылық құрылымдардың өкілдері қатысады.
Бүгін отын және энергетика министрлігінде сарапшылар деңгейіндегі кездесу өткізіледі. Ал ертең, 13-қарашада энергетикалық мекеме жетекшілерінің кездесуі өтіп, оның нәтижесі бойынша Декларация қабылданады.

Перейти к новостям спорта