Жарияланды: 410

Бакуде әскери парад өтті

Әзірбайжан Қарулы күштерінің 93 жылдығының және ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығының тойлануына байланысты,

26 маусым мүні Бакудегі Азадлыг алаңы мен Каспий теңізінің Баку бухтасында әскери парад өтті. Парадқа 6 мың әскери қызметкер қатысты және 400-ге жуық әскери техника мен қару-жарақ жүйесі, атап айтқанда 50 шақты түрлендірілген әскери-жауынгерлік техника, 60-қа жуық Әзірбайжанда шығарылған және түрлендірілген қару-жарақ түрі, 14 сауытты техника, 35 жауынгерлік тікұшақ, 22 жауынгерлік, 8 оқу-жаттығу ұшақтары, 28 кеме, катер және т.б. техника таныстырылды. Әзірбайжан Қарулы күштерінің 93 жылдығының тойлануына орай, ел қорғаныс министрі Сафар Әбиевтің атынан 25 маусым күні кешке «Гүлстан» сарайында салтанатты қабылдау өткізілді. Бұл шараға Әзірбайжанда тіркелген шет мемлекеттердің әскери ведомстволарының өкілдері қатысты, олардың ішінде Қазақстан Қорғаныс министрлігінің Әзірбайжандағы әскери атташесі, подполковник Марат Баталов та бар.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін