Бакуде әскери парад өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бакуде әскери парад өтті

Бакуде әскери парад өтті

Әзірбайжан Қарулы күштерінің 93 жылдығының және ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығының тойлануына байланысты,

  • 27 Маусым 2011
  • 394
Фото - Caravan.kz

26 маусым мүні Бакудегі Азадлыг алаңы мен Каспий теңізінің Баку бухтасында әскери парад өтті.

Парадқа 6 мың әскери қызметкер қатысты және 400-ге жуық әскери техника мен қару-жарақ жүйесі, атап айтқанда 50 шақты түрлендірілген әскери-жауынгерлік техника, 60-қа жуық Әзірбайжанда шығарылған және түрлендірілген қару-жарақ түрі, 14 сауытты техника, 35 жауынгерлік тікұшақ, 22 жауынгерлік, 8 оқу-жаттығу ұшақтары, 28 кеме, катер және т.б. техника таныстырылды.

Әзірбайжан Қарулы күштерінің 93 жылдығының тойлануына орай, ел қорғаныс министрі Сафар Әбиевтің атынан 25 маусым күні кешке «Гүлстан» сарайында салтанатты қабылдау өткізілді. Бұл шараға Әзірбайжанда тіркелген шет мемлекеттердің әскери ведомстволарының өкілдері қатысты, олардың ішінде Қазақстан Қорғаныс министрлігінің Әзірбайжандағы әскери атташесі, подполковник Марат Баталов та бар.

Соңғы жаңалықтар