Жарияланды: 430

Бакуде Әзербайжанның жаңа сайланған президенті Ильхам Әлиевті ұлықтау рәсімі өтті

Баку. 24 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Бүгін Бакудегі Гейдар Әлиев атындағы сарайда екінші рет сайланған Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевті ұлықтау рәсімі өтті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Рәсім барысында И.Әлиев Әзербайжан Конституциясы мен Қасиетті Құран алдында елдің Ата заңын сақтауға, республиканың тәуелсіздігі мен аумақтық біртұтастығын қорғауға және халыққа қызмет етуге ант берді. Ұлықтау рәсіміне Грузия президенті Михаил Саакашвили, РФ президенті әкімшілігінің жетекшісі Сергей Нарышкин, Түркия вице-премьері Джемиль Чичек және басқа да шетелдік қонақтар мен осы елде тіркелген дипломатиялық миссиялар мен халықаралық ұйымдардың басшылары қатысты. Рәсімнен кейін Баку мүйісінде оттан шашу шашылды. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін