Бакуде Батырхан Шөкеновтің жеке концерті өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
27 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бакуде Батырхан Шөкеновтің жеке концерті өтті

Бакуде Батырхан Шөкеновтің жеке концерті өтті

Бакуде танымал әнші Батырхан Шөкеновтің жеке концерті өтті.

  • 11 Маусым 2014
  • 375
Фото - Caravan.kz

Халықаралық орталықтың концерт алаңы Әзербайжан астанасының тұрғындарына лық толды. Әнші концертінде өзінің «Отан Ана» этникалық альбомына енген қазақ әндері мен «А-Студио» әншісі кезінде орындаған көпшілікке танымал «Нелюбимая», «Джулия», «Стань моей молитвой» әндерін де орындады.

«Осындай достарым тұратын елде ән салу мен үшін зор бақыт болып табылады. Мен Бакуге келген сайын, Роза Рымбаевамен жұмыс жасаған бұрынғы шақтарда да, «А-Студио» құрамында болған кездерде де, тұрғындардың ықыласынан мен зор қуат аламын», — дейді Б. Шөкенов.

Әзербайжан астанасына әнші бір күн бұрын келіп, Бакуді аралап та үлгеріпті.


Айта кетейік, Қазақстан жұлдызы  Әзербайжанда AzTV, Mədəniyyət TV, Trend және  Caspian журналының қолдауымен  өнер көрсетті.

02

03

Перейти к новостям спорта