Бакуде бокстан әлем чемпионаты салтанатты ашылды - kaz.caravan.kz
  • $ 489.17
  • 576.63
+9 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бакуде бокстан әлем чемпионаты салтанатты ашылды

Бакуде бокстан әлем чемпионаты салтанатты ашылды

Бакуде Гейдар Әлиев атындағы спорт-концерт кешенінде жексенбі күні бокстан XVI әлем чемпионатының салтанатты ашылуы болды.

  • 26 Қыркүйек 2011
  • 412
Фото - Caravan.kz

Салтанатқа Әзірбайжан Республикасының Президенті Илһам Әлиев қатысты.

Әлемнің әртүрлі елдерінен 570 былғары қолғап шеберлерімен қатар сайысқа түсетін қазақстандық делегация құрамында 16 адам бар. Бұл елдер мен спортшылар саны жағынан рекордтық көрсеткіш.

Әзірбайжан астанасына келген әлем боксшылары Баку чемпионатында 2012 жылы Лондонда өтетін олимпиадалық ойындардың лицензиялары үшін сынға түседі. Ширек финалға шыққан боксшылар олимпиадалық лицензияларға ие болмақ.