Бакуде Экономикалық ынтымақтастық ұйымы кеден қызметінің жетекшілері кеңесінің ІҮ отырысы өтуде - kaz.caravan.kz
  • $ 518.39
  • 603.09
-10 °C
Алматы
2025 Жыл
11 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бакуде Экономикалық ынтымақтастық ұйымы кеден қызметінің жетекшілері кеңесінің ІҮ отырысы өтуде

Бакуде Экономикалық ынтымақтастық ұйымы кеден қызметінің жетекшілері кеңесінің ІҮ отырысы өтуде

Бакуде Экономикалық ынтымақтастық ұйымы кеден қызметінің жетекшілері кеңесінің ІҮ отырысы өтуде,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 17 Мамыр 2005
  • 468
Фото - Caravan.kz

18-мамырға дейін жалғасатын бұл отырыста әр ел өкілдері жетекшілерінің баяндамалары тыңдалып, Экономикалық ынтымақтастық ұйымының контрабанда мен кеден тәртіптерін бұзуға қатысты мәліметтер қорын құрып басқару мәселесі сарапқа салынады.

Сонымен бірге кездесуге қатысушылар БҰҰ-ның аймақтағы транзит мәселесі бойынша даму бағдарламасының консультативтік баяндамасын, соның ішінде Экономикалық ынтымақтастық ұйымына мүше елдер арасындағы кедендік процедураларды жеңілдету қажеттігін талқылайды.
Экономикалық ынтымақтастық ұйымын 1985-жылы Иран, Түркия және Пәкістан мемлекеттері бірлесіп құрған. 1992-жылы бұл ұйымға Ауғанстан мен Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан сынды бұрынғы Кеңестік республикалар бірікті. Экономикалық ынтымақтастық ұйымының басты мақсаты — мүше-мемлекеттер арасында етене жақын сауда-экономикалық қарым-қатынас орнату, энергетика, өнеркәсіп және ауылшаруашылығы саласындағы аймақтық байланыстарды нығайту болып табылады.
Экономикалық ынтымақтастық ұйымына мүше елдер 300 млн халқы бар 7 млн. шаршы шақырым аумақты алып жатыр. Ұйымның бас пәтері Тегеранда орналасқан.

Перейти к новостям спорта