Бакуде еркін, грек-рим, әйелдер және жағажай күрестерінен жасөспірімдер арасындағы Әлем чемпионаты өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
28 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бакуде еркін, грек-рим, әйелдер және жағажай күрестерінен жасөспірімдер арасындағы Әлем чемпионаты өтеді

Бакуде еркін, грек-рим, әйелдер және жағажай күрестерінен жасөспірімдер арасындағы Әлем чемпионаты өтеді

Бакуде 21-27 тамыз күндері Гейдар Әлиев атындағы спорттық-концерт кешенінде еркін, грек-рим, әйелдер және жағажай күрестерінен жасөспірімдер арасындағы Әлем чемпионаты өтеді.

  • 20 Тамыз 2012
  • 486
Фото - Caravan.kz

Оған биыл 40 елден спортшылар қатысады деп жоспарлануда. Бұл дүбірлі додада ең алдымен еркін күресшілер бақ сынайды. Бұл бәсекеде бапкерлер ел намысын қорғауды Айтуған Жанжігітов (42 кг), Ғалымжан Жақсыбек (46 кг), Ернұр Қабатаев (50 кг), Бауыржан Төребек (54 кг), Ислам Жанетов (58 кг), Ілияс Жұмай (63 кг), Еркебұлан Тілеу (69 кг), Илисхан Чилаев (76 кг), Бақдаулет Алментай (85 кг) пен Ерболат Дүйсеновке (100 кг) сеніп тапсырмақ.

Былтыр Будапештте өткен бәсекеде қазақстандық еркін күресшілер жалпы командвалық есепте 56 ұпаймен төртінші орын алған болатын. Онда Владимир Кудрин (46 кг) мен Елхан Асадов (76 кг) Әлем чемпионы, Азамат Тойбек (42 кг) күміс, ал Ілияс Жұмай (63 кг) мен Азамат Дәулетбеков (69 кг) қола жүлдегер атанған болатын. Онда Ресей (79 ұпай), Иран (69 ұпай), Үндістан (65 ұпай) командалары 1-3 орынды өзара бөлісті. Ал Азиядағы көршілерімізден Жапония 28 ұпаймен 8-інші, 11 ұпаймен Өзбекстан 12-інші, 9 ұпаймен Қырғызстан 13-інші, 8 ұпаймен Моңғолия 15-інші орынды қанағат тұтқан еді. Нұрғали Рахманқұлов жаттықтыратын балуандар биыл да жоғары нәтижеге қол жеткізуді алдына басты мақсат етіп қойып отыр.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера