Бакуде Ислам конференциясы ұйымына мүше елдердің жастар форумының құрылтайшылық конференциясы өтуде - kaz.caravan.kz
  • $ 514.31
  • 603.03
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бакуде Ислам конференциясы ұйымына мүше елдердің жастар форумының құрылтайшылық конференциясы өтуде

Бакуде Ислам конференциясы ұйымына мүше елдердің жастар форумының құрылтайшылық конференциясы өтуде

1-желтоқсанда Бакуде Ислам конференциясы ұйымына мүше елдердің жастар форумының құрылтайшылық конференциясы ашылды,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 2 Желтоқсан 2004
  • 566
Фото - Caravan.kz

3-желтоқсанға дейін жалғасатын форумға 35 мұсылман мемлекеттің өкілдері қатысуда.

Бас қосуға қатысушылар жаңа ұйымның басты мақсаттары мен міндеттерін айқындауға, ұйымның басқарушы органдарын сайлауға бағытталған дөңгелек үстелдер өткізеді.
Конференцияны ашқан Әзербайжан сыртқы істер министрінің орынбасары Вагиф Садыхов ұйымның осындай жастар құрылымын құрудың айрықша қажеттігін атап өтті. Оның айтуынша, бұл идеяны Ислам конференциясы ұйымына мүше елдердің сыртқы істер министрлері биылғы жылдың маусым айында Стамбулда өткен бас қосуда қолдаған.
Еуразияны дамыту жөніндегі халықаралық қауымдастық президенті Надим Кая форумды құрудағы мақсат — исламдық республикалардың жастар құрылымдары арасындағы байланысты нығайту, сондай-ақ, исламға жасалып жатқан негізсіз шабуылдарға қарсы тұру болмақ.
Әзербайжан жастар ұйымдарының ұлттық кеңесінің төрағасы Фуад Мурадовтың хабарлауынша, Жастар форумының өз президенті, бас хатшысы мен басқармалары болады. Жарғыға сәйкес президент пен бас хатшы екі жылда бір өтетін құрылтайларда сайланады. Басқарма 9 адамнан құралып, алмастырылып отырады. Ф.Мурадовтың айтуынша, басқармалар құрамына Әзербайжан, Түркия, Судан, Албания, Сауд Арабиясы, Пәкістан, Египет және Иран өкілдері кіреді деп күтілуде. Форум жұмысын Ислам конференциясы ұйымы қаржыландырады. Жаңа құрылымның орталық кеңсесі қай жерде орналасатындығы жөнінде әзірге шешім қабылданған жоқ, бірақ ол Әзербайжанда болмайтыны анық.
Ислам конференциясы ұйымы 1969-жылы құрылған. Қазір бұл ұйымға 57 мемлекет мүшелікке өткен. Олардың арасында Әзербайжан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Қазақтан және Өзбекстан сынды ТМД елдері бар.
Ұйымның басты мақсаты — исламдық ынтымақтастықты нығайту, нәсілдік алалаушылық пен басқыншылықты жоюға түрткі болу, бейбітшілік пен халықаралық қауіпсіздікті қорғау, ислам халықтарының тәуелсіздік пен ұлттық құқықтары үшін күресіне қолдау көрсету болып табылады.

Перейти к новостям спорта