Бакуде Каспий теңізінің құқықтық мәртебесін айқындауға бағытталған арнаулы жұмыс тобының кезекті отырысы басталды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бакуде Каспий теңізінің құқықтық мәртебесін айқындауға бағытталған арнаулы жұмыс тобының кезекті отырысы басталды

Бакуде Каспий теңізінің құқықтық мәртебесін айқындауға бағытталған арнаулы жұмыс тобының кезекті отырысы басталды

Бүгін, 16-наурызда Баку қаласында Каспий теңізінің құқықтық мәртебесін айқындауға бағытталған арнаулы жұмыс тобының кезекті отырысы басталды. Оған теңізді қоршай орналасқан бес мемлекеттің сыртқы істер министрлерінің орынбасарлары қатысуда,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі Әзербайжан астанасынан.

  • 16 Наурыз 2004
  • 418
Фото - Caravan.kz

Каспий теңізінің құқықтық мәртебесін айқындау жөніндегі Ресейлік жұмыс тобының жетекшісі Андрей Урновтың журналистерге хабарлауынша, теңіздің құқықтық мәртебесін айқындау жөніндегі жұмыс топтарының келіссөздері барысында осы жөніндегі Конвенцияның 11-22 баптары тағы бір мәрте дәйектеледі. «Бұл жолы конвенция туралы міндетті түрде талқылаймыз. Біз оның 11-бабынан бастап соңғысына дейін үшінші мәрте қарап шығамыз. Сондай-ақ, сыртқы істер министрлерінің Мәскеуде өтетін кездесуі төңірегінде пікір алмасылады»,- деді А.Урнов.

Конвенция төңірегінде бірыңғай келісімге келуге қажет болатын нақты мерзімді атаудан бас тартқан А.Урновтың айтуынша, «бұл орайда саяси шешімді талап ететін тұжырымдамалық сипаттағы мәселелер туындап отыр».
Каспий теңізінің бөлісіне қатысты Түрікменстан ұстанымына тоқталған А.Урнов таяуда Ашхабадта Каспий теңізінің мәртебесіне қатысты екі жақты Ресей-Түрікменстан келіссөздері өткенін хабарлады. «Бұл кездесуде біз бірқатар мәселелер бойынша ортақ ұстанымға келдік»,- деді А.Урнов.
Каспий маңындағы бес мемлекет өкілдерінің отырысы 17-наурызда да жалғасады.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, кезекті отырысқа Әзербайжан сыртқы істер министрінің орынбасары Халаф Халафов, Ресей сыртқы істер министрінің орынбасары Виктор Калюжный, Иран сыртқы істер министрінің орынбасары Мехти Сафари, ҚР СІМ-нің төтенше тапсырмалар жөніндегі елшісі, Каспий теңізінің құқықтық мәртебесіне қатысты келіссөздерге Қазақстан атынан Равиль Чердабаевтар қатысуда.

Соңғы жаңалықтар