Бұдан бұрын Баку қаласының Нариман ауданында орналасқан «Абу-Бекр» мешітінде кешкі намаз уақытында сағат 20.50-де болған жарылыстан екі адам қаза тауып, он адам жараланды деген хабар таратылған болатын.
«Жарылыстан зардап шеккен бір адам қайтыс болып, құрбандар саны үш адамға жетті. Жарылыс дерегі бойынша Әзербайжанның Қылмыстық кодексінің 120-шы бабына (қасақана кісі өлтіру) сәйкес қылмыстық іс қозғалды», — деді А. Рзаев.
Оның айтуынша, қазір тергеу шаралары жүргізілуде, сараптама қорытындысы шығуға тиіс. Мешіттің жұмысы белгісіз уақытқа тоқтатылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті